ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕМЕН ЖӘНЕ ОҚЫТУМЕН ҚАМТЫЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТАР ИНСТРУКЦИЯ ДЛЯ КОНСУЛЬТАЦИОННЫХ ПУНКТОВ ПО ОРГАНИЗАЦИИ РАБОТЫ С РОДИТЕЛЯМИ ДЕТЕЙ, КОТОРЫЕ НЕ ОХВАЧЕНЫ ДОШКОЛЬНЫМ ВОСПИТАНИЕМ И ОБУЧЕНИЕМ Нұр – Сұлтан 2 2022 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» базасында әзірленген Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың атааналарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша консультациялық пункттерге арналған нұсқаулықтар – Нұр-Сұлтан, 2022. - 22 б. Пікір жазғандар: Г.К. Ибрагимова РhD; Ф.К.Омарбекова меңгеруші; Ф.К.Бурганова әдіскер. Әдістемелік құралда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін консультациялық пункттерді ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар берілген.Ұсынылған материалдар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне консультациялық пунктердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Нұсқаулықта консультациялық пункт қызметінің мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Нұсқаулықтар базасында консультациялық пунктер ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған. Нұсқаулық ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту институтының» Ғылымиәдістемелік кеңесінде қаралып, ұсынылған (2022 жылғы 27 маусымдағы №6 хаттама). Балаларды ерте дамыту институты, 2022 жыл 3 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Отбасы институтының адам өміріндегі рөлі бұрыннан зерттеу тақырыбы болған. Отбасындағы тәрбие баланы туғаннан бастап тұлға болып қалыптастыруда зор рөл атқарады.Отбасында баланың жеке тұлғасы қалыптасады. Қоғам, әлеуметтік институттар отбасы тәрбиесіне ықпал етеді. Отбасында баланың алдында алғаш рет таңғажайып әлемнің есігі ашылады. Отбасындағы тәрбие баланың әлеуметтік ортаны жағымды эмоциялармен немесе таңырқаумен, қатыгездікпен қабылдауына әсер етеді. Тәрбиенің негізі отбасында қаланады. Балаға толыққанды тәрбие беру оның жеке тұлға болып қалыптасуының, дамуы мен үйлесімді өсуінің алғышарты болып табылады. Қазіргі уақытта ата-аналардың білім беру бағдарламалары, баланың жас және психологиялық ерекшелігі, баланың қажеттілігі туралы нақты түсініктері жоқ және ата-аналар тәрбиелеу әдістерін сараптай алмайтындықтан отбасының тәрбиелік әлеуетін тиімді қолдана алмайды. Бұның салдары тәрбиелеу нәтижесінің төмендеуіне әкеледі. Ата-аналардың бала тәрбиесіне мән бермеуі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтік бейімделуіне кері әсер етіп, жүйкелік ауытқулардың пайда болуына жол береді. Ата-аналардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы біліктілігінің аздығы бала тәрбиесіне әсер етеді. Бүгінгі күннің ата-аналары қаншалықты білімді болсада педагогика, психология, физиология және өзге білім салаларынан толық хабардар емес. Кез-келген білімі бар ата-аналарды бала тәрбиесі туралы мәселелер ойландырады. Сондықтан отбасы білім беру қызметі саласында көмекті қажет етеді. Баланы тек ата-анасы ғана емес, айналасындағы адамдарда тәрбиелеу қажет. Балаларды әлеуметтік ортадан бөліп алып тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан да балалардың белсенді әрекетіне арналған орындар болуы тиіс. Белсенді әрекетке арналған орындардың болуы баланың жан-жақты дамуына әсер етеді. Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әртүрлі ақпарат көздері ұсынатын психологиялық - педагогикалық басылымдар, баспасөз, ғаламтор материалдары, теле-радио бағдарламалары, ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттер, көрнекіліктер жеткілікті. Бірақ бұл ақпарат көздерінде отбасының, баланың ерекшелігін ескеріп, ата-ананың (заңды өкілдердің) нақты сұрағына тікелей жауап беру мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселеде мектепке дейінгі ұйымның мамандары құзыретті. Олар атаанамен тікелей қарым-қатынас жасап, «кері байланыс» орната алады, баланың дамуын бақылайды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім берудің келесідей нысандары: мектепке дейінгі ұйым жанындағы балалардың қысқа мерзімді болу топтары, баланы үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек беру орталықтары және т.б табысты дамуда. Пайда болған жаңа нысандар баланың дамуына белсенді ықпал етіп, отбасыларға мектепке дейінгі білім беру саласындағы мамандардың білікті көмегін алуға көмек беруге арналған. Сонымен қатар жаңа нысандар балалары балабақшаға баратын отбасыларға да, балалары балабақшаға бармайтын отбасыларға да бағытталған. Осындай жаңа нысандардың бірі мектепке дейінгі ұйымның жанында консультациялық пункттер ұйымдастыру болып табылады. Консультациялық 4 пункттер ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып балалары мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналар үшін, отбасын және тәрбиеленушіні әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында құрылады. Консультациялық пункттер балабақшалар үшін жаңалық емес. Консультациялық пункттер балабақша мен отбасы арасындағы өзара әрекеттің дәстүрлі түрлерінің бірі тәрбиешілердің ата-аналарға (заңды өкілдерге) жеке және топтық консультация беру қызметін іске асырады. Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәжірибесінде тәрбиешілер ата-аналардың сұранысы негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып консультация бере алады. Сонымен қатар балабақшаның басқа мамандары (әдіскер, психолог, логопед, дефектолог және т.б.) ата-аналарға (заңды өкілдерге) қандай да бір мәселе бойынша кеңес береді. Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтермен, психологтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беруге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған. Ата-аналар (заңды өкілдер) мен отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін ұйымдастырылған консультациялық пункттердің жұмысы мектепке дейінгі ұйымдар, әдістемелік орталықтар базасында жүзеге асырылады. Нұсқаулықтардың мақсаты мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата-аналарына көмек көрсету.. Бұл нұсқаулықтар базасында консультациялық пункттер ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған. 5 КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТАР Жалпы ереже Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымдардың базасында ұйымдастырылады және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі. Консультациялық пункттер мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда отбасына көмек көрсетудің бір түрі болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункттердің қызметі мектепке дейінгі ұйымы мен баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өзара міндеттемелері туралы келісім -шартқа (1 қосымша) сәйкес өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Консультациялық пункт қызметінің мақсаттары мен міндеттері Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. Негізгі міндеттері : - мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мәселелері бойынша атааналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету ; - ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету; - ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау; - мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу; - мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету; -тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады. Консультациялық пункттің қызметін ұйымдастыру Консультациялық пункттің қызметі шеңберінде: - диагностикалық көмек беру - баланы психологиялық-педагогикалық зерделеу, бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен бейімділігін, оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау, сонымен қатар дамуындағы, әлеуметтік бейімделуіндегі 6 бұзушылықтардың себептері мен тетіктерін анықтау, баланы одан әрі дамыту және тәрбиелеу бойынша ұсынымдар әзірлеу; - консультациялық көмек беру - психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық консультация беру, ата-аналарды (заңды өкілдерді) бала дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, тәрбиенің негізгі бағыттары, күйзеліс жағдайларын еңсеру туралы хабардар ету; - әдістемелік көмек беру - ата-аналарды (заңды өкілдерді) ағарту, ата-аналарды туындайтын отбасылық мәселелердің алдын алуға, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға, отбасында жағымды қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы хабардар ету; ата-аналарды отбасы жағдайында тәрбие процесін ұйымдастыруға, үйретуге бағытталған баланың жеке даму ерекшеліктері негізінде түзету және дамыту технологияларымен таныстыру. Консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары: ата-аналардың (заңды өкілдердің) сұранысы бойынша қажетті жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш бойынша сырттай консультация беруді ұйымдастыру, ата-аналар (заңды өкілдер) үшін дәрістер, теориялық және практикалық семинарларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымның сайтына орналастыру арқылы консультациялар мен әдістемелік ұсынымдар беру, балабақша мамандарының мектеп жасына дейінгі балаларға диагностикалық зерттеу жүргізуі болып табылады. Отбасыларға консультация беру жұмысы мамандардың: басшының, әдіскердің, тәрбиешінің, медициналық қызметкердің, психологтың, логопедтің және басқа мамандардың қызметін кіріктіру негізінде құрылады. Консультациялық пункттерге жұмысқа тартылған мамандардың саны мектепке дейінгі ұйымның түрімен, оның кадрлық құрамымен айқындалады. Консультациялық пункттің қызметін тіркеу үшін келесідей құжаттаманы жүргізу қажет: - ата-аналардың алдын-ала жазылу журналы; - өткізілген іс-шаралар кестесі және ата-аналардың (заңды өкілдерінің) өтініштерін есепке алу журналы (2-қосымша); - консультациялық пункттің жұмыс жоспары; - консультациялық пункттің жұмыс кестесі, - жыл бойғы жұмысты талдау. Консультациялық пункттің жұмыс кестесін мектепке дейінгі ұйымның басшысы бекітеді. Консультациялық пунктті басқару және оған басшылық ету Консультациялық пунктке тікелей басшылықты мектепке дейінгі ұйымның басшысы жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйымның басшысы консультациялық пункттің әрбір қызметкерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін айқындайды. Консультациялық пункттің педагогикалық процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Консультациялық пункттегі педагогикалық процестің қатысушылары балалар, ата-аналар (заңды өкілдері), мектепке дейінгі ұйымның педагогтері болып табылады. 7 Консультациялық пункттің педагогтері: - ата-аналар арасында педагогикалық білімді белсенді тарату; - балаларды тәрбиелеуде отбасына тәжірибе арқылы көмек көрсету; - ата-аналарды консультациялық пункттің педагогикалық қызметіне тарту; - балалармен диагностикалық және түзету жұмыстарын жүргізу. Консультациялық пункт педагогтері: - жеке-бағдарланған тәсіл негізінде балалармен сабақ бағдарламасын әзірлеуге; - жұмыста қажетті әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын қолдануға; - консультациялық пункт жұмыс жоспарын құруға; - ата-аналарды балалармен жұмыс істеуге белсенді қатысуға тартуға; - балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу үшін бағдарламалар мен әдістемелік құралдарды таңдауға құқығы бар. Ата-аналар (заңды өкілдер): - консультациялық пункт жұмыс тәртібін сақтауға; - консультациялық пункт педагогтерінің ұсынымдарын орындауға міндетті. Ата-аналардың (заңды өкілдер): - консультациялық пункт жұмысына қатысуға; - балалардың сабағына қатысуға; - бала тәрбиесі мен дамуына байланысты қажетті көмек алуға; - ұсынымдар беруге, консультациялық пункт жұмысы бойынша ұсыныстар жасауға құқығы бар. 8 1 қосымша №_________________мектепке дейінгі ұйымы мен баланың атааналарының (заңды өкілдерінің) өзара міндеттемелері туралы №________шарт «_______»__________20___ж. __________________________________мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі атынан №__________________ мектепке дейінгі ұйым бір тараптан және __________________________________ анасы (әкесі, оларды алмастыратын тұлға), бұдан әрі «Ата-ана» деп аталады, келесі тараптан төмендегі мазмұнда осы Шартты жасады: 1. Мектепке дейінгі ұйым міндеттенеді: 1.1. Ата-анасының өтініші негізінде баланы МДҰ-ның консультациялық пунктіне есепке алу. 1.2. Баланың өмірі мен денсаулығын қорғауды, оның зияткерлік, дене және жеке дамуын қамтамасыз етуге; баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып, оған деген жеке әдісті жүзеге асыруға, баланың эмоциялық игілігіне қамқорлық жасауға. 1.3. Заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастыру (үй-жайлар, жабдықтар, оқу-көрнекі құралдар, ойындарға арналған материалдар). 1.4. Баланың әрекетін жасына, жеке ерекшеліктеріне, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес ұйымдастыру. 1.5. Мамандар қызметін ұсыну 1.6. Бала ауырып қалғанда, сондай-ақ ата-анасы (заңды өкілі) дәлелді себептермен (ауруы, іссапар және т.б.) демалыста және уақытша болмаған жағдайда балабақшаның кеңес беру пунктінде баланың орнын сақтау. 1.7. МДҰ-ның консультациялық пунктінде болған кезеңінде бала мүлкінің пунктте сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 1.8. Ата-анаға (заңды өкілге) баланы тәрбиелеу мен оқытуда, оның дамуындағы ауытқуларды түзетуде білікті көмек көрсету. 1.9. Осы Шартты сақтау. 2. Ата-ана міндеттенеді: 2.1. Осы Шартты сақтау. 2.2. Баланың алдағы уақытта болмауы туралы балабақшаға хабарлау (демалыс, ауру және т.б.). 2.3. Баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша МДҰ консультациялық пунктімен өзара әрекеттесу, бірлескен іс-шараларға белсенді қатысу. 3. Мектепке дейінгі ұйым құқылы: 3.1. Баланың консультациялық пунктте одан әрі болуына кедергі келтіретін баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды болған кезде, баланы шығарып жіберуге. 3.2. Ата-анасы (заңды өкілі) өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда, оған бұл туралы 10 күн бұрын хабарлап, осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. 9 4. Ата-ана құқылы: 4.1. Балабақшаның консультациялық пунктінде балалармен жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу. 4.2. Консультациялық пункттің жұмысы туралы есептерді тыңдау. 4.3. Мектепке дейінгі ұйым басшысына бұл туралы алдын ала 10 күн бұрын хабарлай отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу. 5. Шарттың қолданылу талаптары. 5.1. Шарт оған қол қойылған сәттен бастап қолданылады, тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін. 5.2. Шартқа өзгерістер, толықтырулар Шартқа қосымша түрінде ресімделеді. 6. Тараптардың жауапкершілігі. 6.1. Тараптар міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін жауапты. 7. Шарттың қолданыс мрезімі ______________ - _______________ аралығында. 8. Шартқа қол қойған тараптар: № МДҰ меңгерушісі________ ТАӘ_________________________ _____________________ М.О.(қолы) «___»____________20___ж. Ата-ананың (заңды өкілдің) ТАӘ_________________ Мекенжайы____________________ ____ __________________/___________ (қолы) «___»____________20___ж. 10 2 қосымша Мамандардың (мектепке дейінгі ұйымның атауы) консультациялық пунктіне ата-аналардың (заңды өкілдің) өтініштерін есепке алу журналы № р/с Консультация өткізу күні, уақыты Консультация тақырыбы Консультация өткізу нысаны Консультанттың Т.А.Ә., лауазымы Консультация барысында берілген ұсынымдар 11 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы ) 3. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы ) 4. Блохина С. А. Роль семьи в развитии личности. − Челябинск: Два комсомольца, 2011, 124-127 с. 5. Азаров Ю. П. Семейная педагогика. − М.,1994. 6. Дубинин С. Н. Семейное воспитание как основной фактор развития личности ребенка. – СПО, 2009, №5, 29-31 с. 7. Кулик Л. А., Берестов Н. И. Семейное воспитание. −М., 1990. 8. Лесгафт П. Ф. Семейное воспитание ребенка и его значение. −М., 1991. 9. Пидкасистый П. И. Педагогика. − М., 2000 г. 10. Татевосян Т. Ю. Создание консультационного пункта в ДОУ. – МОУ «Информационно-методический центр», 2010 г . 12 МАЗМҰНЫ 1 Түсіндірме жазба 3 2 Консультациялық пункттерді ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар 5 3 Қосымша 8 4 Әдебиеттер тізімі 11