Текст
2.02.2017 ж.- 12.02.2017 ж. аралығында Спасская негізгі мектебінде өзін-өзі танудан «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты декада өтті. Осы уақыт аралығында өзін-өзі тану мұғалімі 3 ашық сабақ өткізіп, шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастырды және оқушылар «Өзін-өзі тану әлемі» атты стендті безендірді.Сонымен қатар «Жақсылық жаса» атты акциясы жарияланып, баларға жақсылық жасап, ізгі ниеттер білдіру ұсынылды. Декаданың қорытындысында балалар мадақтамалар мен тәттілермен марапатталды.