" Ақмола облысы білім басқарамасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Спасское ауылының негізгі орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Спасское отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз жаңа 2017 жылды қалай қарсы алдық.

06.01.2017

Біз жаңа 2017 жылды қалай қарсы алдық.

        

Жаңа жылдық шырша мерекесі біздің мектепте екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең шағын-орталық пен бастауыш және орта буын оқушыларына, екінші кезең мектеп жасына дейінгі балаларға арналған.Балалар жаңа жылдық мерекеге арнайы әдемі киімдері мен көтеріңкі көңіл-күймен келді. Осыған орай олардың үміті ақталды.  Бастауыш сынып оқушыларына арналған шыршаға шағын-орталықтың тәрбиешісі Сунцова Е. С. және сынып жетекшілері, ал  жоғарғы

сынып оқушыларына арналған шыршаға педагог-ұйымдастырушы Мергунова Т. И. және сынып жетекшілері жауапты болды. Жаңа жылдық көрініске қатысқан оқушылар өздерін жақсы әртістері екендігін, өздерінің барлық шығармашылық шеберліктерін, әртістік, жалын және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді. Бастауыш сынып оқушылар ертегі қойылымын көрсетті.

      Басынан ертегі кейіпкерлері балаларға сиқырлы ертегілер әлемін ұсынды. Балалар кішкентай

әлсіз, қамқорсыз батырларына аянышпен қарап, Ақшақармен бірге оларға көмектесуге тырысты, ойындарға қуана-қуана қатысты. Аяз ата пайда болған  сәттен бастап нағыз мерекелік әндер мен билер көрсетіліп, жаңа жылдық әнмен балалар шыршаны айналды.

        Қойылымнан кейін, балалар Аяз ата мен Ақшақарға өлең оқып, ән айтып, би билеп, барлық ертегі кейіпкерлерімен бірге фотосуретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтарын алды.

      Мереке ойдағыдай көңілді өтті. Балалар мен олардың ата-аналары жаңа жылдық қойылымды ұйымдастырушылар мен қатысқандарға  жақсы көңіл-күй сыйлығындары үшін алғыстарын білдірді.

    Педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті  демеушілеріміз ЖШС

"Спасское –Агро" директоры М.А. Абуев пен ЖШС "Максимовское" басшысы А. А.Закусиловқа  жаңа жылдық сыйлықтар сатып алу мақсатында  берген қаражаттары үшін алғыс білдіреді.

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст