1 қыркүйекте салтанатты сап түзеу мерекесі елдің барлық мектептерінде өтті. Спасское негізгі мектебі демалған оқушыларға есігін айқара ашты. Мектеп директоры Жусупов Амангелді Нуркелдіұлы барлық жиналғандарды мерекемен құттықтап, бірінші сынып оқушыларына сәттілік тіледі. Сандықтау ауданы білім бөлімінің өкілі Черемнова Мария Николаевна балаларды, мұғалімдерді, ата-аналарды құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі, өз елінің лайықты азаматтары болуға ұмтылуға шақырды. Содан кейін бірінші сынып оқушылары 9-сынып оқушыларын құттықтады. «Спасское-Агро» ЖШС директоры Абуев Магомед Абуезитович бірінші сынып оқушыларына өзінің сыйлықтарын берді. Оқушылар сөмкелерімен бірге мектеп жабдықтарын алғандарына өтте қуанды. Дәстүр бойынша салтанатты мереке алғашқы қоңырау үнімен аяқталды.