Текст
2019 жылдың 15 қарашасы күні Спасское негізгі мектебінде жалпымектептік ата-аналар жиналсы болды. Атаған жиналыста Максимовка с.о. әкімі Васильцова Евгения Ивановна, Максимовка с.о. жастар ісі жөніндегі маманы Гельдт Лидия Юрьевна, ата-аналар және мұғалімдер болды. Жиналысты мектеп директоры Жусупов Амангелді Нуркелдинович бастады. Былтырғы жылдың оқу қорытындысын айтып өтті. Аталған жылға арналған жоспарлар мен де бөлісті. Экстремистік ағымдар тақырыбында дінтану пәнінің мұғалімі Ярошенко Лариса Алексеевна өз баяндамасын оқыды. Аталған тақырыпта Максимовка с.о. әкімі Васильцова Евгения Ивановна, Максимовка с.о. жастар ісі жөніндегі маманы Гельдт Лидия Юрьевна да өз баяндамаларын оқыды.