Текст
10.11.2026
«Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру және «Заң мен тәртіп» бағыты аясында «Адал азамат: Мен мақтан тұтатын іс-әрекет» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Әңгімелесу барысында оқушылар адал, әділ және жауапты азамат болу дегеннің мағынасын талқылады. Балалар өз өмірлеріндегі ізгі және өнегелі істердің мысалдарымен бөлісіп, ережелер мен заңдарды сақтаудың, айналасындағыларға құрметпен қараудың және көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын болудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.