" Ақмола облысы білім басқарамасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Спасское ауылының негізгі орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Спасское отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туризм бойынша айлық»

04.10.2017

«Туризм бойынша айлық»

Әлемдік туризм күніне арналған Спасское негізгі мектебінде 2017 жылдың 4-27 қыркүйек аралығында айлық өтті. Айлық мұғалімдер мен оқушылар қатысқан салтанатты сап түзеумен басталды. 1-8 сынып жетекшілері «Туризм туралы түсінік», «Туризм не үшін керек» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. 13 қыркүйек күні 1-3 сынып жетекшілері Фомина

Светлана Антоновна мен Фоминова Марина Владимировна сынып оқушыларымен «Таза ауыл» экологиялық десантын өткізді, оқушылар ауыл ішіндегі қоқыстарды жинады. 22 қыркүйек күні мектептің педагог-ұйымдастырушысы Сунцова Елена Сергевна «Бәрі де табиғат деп аталады» атты викторина өткізді. Викторинада 4 оқушыдан 2 топ қатысты, олар биология, география және дүниетану пәндері бойынша білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар көрермендермен де сұрақ-жауап ойыны ойналды. Қорытынды бойынша «Қоңырау» тобы жеңіске жетті. Айлықтың жабылуында оқушыларға мадақтамалар берілді.

 

Спасское негізгі мектебінің ұйымдастырушы-мұғалімі Сунцова Е.С.

 

Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст