«Тіл – халық жаны»
Спасское негізгі мектебінде 2017 жылдың 9-18 қыркүйек аралығында «Тіл – халық жаны» ұранымен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер онкүндігі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты әр халықтың мәдениетін дәріптеу және тілдерін құрметтеу.
Тілдер онкүндігі салтанатты сап түзеуден басталды, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Мектептің кіреберісінде кітапханашы Очеритенко Ольга Павловна «Тіл- аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырды, негізгі мақсаты оқушыларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге шақыру.
12 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімі Фоминова Марина Владимировна 1-4 сынып оқушыларымен «Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің білгірлері» атты конкурс ұйымдастырды. Оқушыларға үш тілде әр-түрлі тапсырмалар берілді, оқушылар қызығушылықпен орындады.
14 қыркүйек күні орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Мергунова Татьяна Евгеньевна «Көпұлтты Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөгелек үстел үстінде оқушылар көпұлтты Қазақстан мен мемлекеттік тіл туралы өз ойларын айтты. Онкүндік салтанатты сап түзеумен аяқталды. Белсенді болған және жеңімпаз болған оқушыларға мадақтама қағаздары берілді.
Спасское негізгі мектебінің ұйымдастырушы-мұғалімі Сунцова Е.С.