Отпен ойнама-денсаулығыңды ойла.
Күн күркіреп, найзағай ойнап жаңбыр жауғанда электр кернеуіне, темір заттарға, антенна және бағаналарға жақындау қауіпті. Жаңбыр кезінде терезе, ашық есіктің жанында тұруға болмайды, және де электр қуатымен жүретін тоңазытқышты, телевизорды тоқтан ажырату керек.
Егерде нөсер жаңбыр сіз далада жүргенде болса, онда ағаштың астына тығылуға, су қоймалардың, өзен, көлдің жағасында болу қауіпті. Жағадан, қыр жерден дереу кетіп ойпаң жерге, жыраларға тығылу керек.
Басыңызға қауіп-қатер төнгенде, сабыр сақтап өз өміріңізді және
қасыңыздағы кісілердің өмірін сақтап қалу үшін айтылған шараларды орындаған абзал.
Бәріненен де дұрысы- жалғыз, ересек кісілерсіз, балық аулауға, жидек теруге,алысқа серуендеуге,суға шомылудан бас тартыңыз.
Мектеп медбикесі Шакирова Ж.К.