" Ақмола облысы білім басқарамасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Спасское ауылының негізгі орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Спасское отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлыларымыз ел есінде.

10.05.2017

 

 Ұлыларымыз ел есінде.

Жеңіс күні – керемет мереке, біз бұл күні ұлы Жеңістің қиғасын, жеңіс үшін өз өмірін құрбан еткен адамдарды еске түсіреміз.

Таңертең 9 мамыр күні іс шараның салтанаттылығы ерекше сезілді. Барлық балалар салтанатты киімде, бірінші сынып оқушыларында - үлкен ақ бант, педагогтар мен

оқушылардың кеуделерінде ленталар тағылған. Сағат 11.00 -де ауыл тұрғындары лекпен "мәңгілік полк" басқарған ескерткішке қарай жылжыды. Мектептің педагогикалық ұжымы және оқушылар Ұлы Жеңістің 72-жылдығына арналған мерекелік шеру мен митингке қатысты. Қатаң және салтанатты түрде мерекелік митинг өтті. Митингте оқушылар соғыс туралы өлеңдер оқыды. Өздерінің өмірін жеңіс үшін қиған жандарға бір минут үнсіздік жарияланды. Жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл акция – өз өмірлерін жеңіс үшін қиып, сол бір қиын да қилы соғысты жеңген ардагарлеріміздің  құрметіне және сол адамдардың арқасында біз тату-тәтті өмір сүріп,Тәуелсіз Қазақстанды құрудамыз. Митингке қатысушыларды Спасская негізгі мектебінің директоры Шакиров С.А., АМҮ меңгерушісі Хамзатханов А.А. және біздің мектептің түлегі, қазір ҚР қарулы күштер майоры ЛитвиновА.С. құттықтады. Митинг аяқталған соң "Салют, Жеңіс!" атты мерекелік концерт басталды, онда оқушылар белсенді қатысты. Барлық әртістер мен концертке қатысқан оқушыларды көрермендер жылы ілтипатпен қарсы алды.

 

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст