Мамандықтар туралы әңгіме.
Кәсіптік бағдар бойынша жұмыс аясында 18 ақпан күні мектепте Каменка агроколледжінің мамандарымен кездесу өтті. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша тегін оқыту, колледждің
оқу шарттары туралы әңгімеледі. Кейін қонақтар мектеп оқушыларын қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Әңгімелесу нәтижесінде 9-сынып оқушысы Эрсиев Хасан негізгі мектепті аяқтаған соң, Каменка колледжіне оқуға түсуді ұйғарды. Мектеп әкімшілігі тарапынан оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша көп көңіл аударылады. Оқушылардың ата-аналарымен әңгіме жүргізіліп,оқушылармен экскурсиялар жүргізіліп, оқу орындарының өкілдерімен кездесу өткізілді. Көптеген ата-аналар дер кезінде мамандық алмаған себептен қысқы ауқытта жұмыссыз отыр. Әкімшілік, мектеп ұжымы балалардың ата-аналарының қателіктерін қайталамағанды қалайды. Біздің түлектер негізгі мектепті аяқтаған соң, білімдерін жалғастырады деген үміттеміз.